KORKUT

Дыбыстық өнер және жаңа музыка биенналесі

Қазақстандағы музыка мәдениеті ежелден бастау алады. Дыбыс тың дүниелер мен көңіл-күйге жол сілтеуші саналған. Сантүрлі аспаптық және ауызекі тәжірибелер шайқас пен салт-жоралардың бастаушы нысаны ретінде қызмет етті, сондай-ақ музыканың емдік қасиеті бар деп есептелді. 

Көптеген түркі мәдениетінде кездесетін жалпыға ортақ мифтің бірі – күйшілердің қамқоршысы саналатын Қорқыт ата туралы аңыз. Ол ажалдан қашып құтылу үшін алғаш рет ішекті аспап – қобызды жасап, оның дыбысымен материалдық шекараны еңсерген. 

Бағдарламаның негізгі лейтмотиві – әлемнің ерекше сезімталдығын табу. Шындықтың бойына қайта сиқыр қондыру арқылы дыбыс суретшілері табиғат элементтерімен, алгоритмдермен және басқа да non-human агенттермен ынтымақтасып, дыбыс ортасына терең енудің нәтижесінде шынайы және тартымды трансценденттік тәжірибенің шекарасын бұзады. 

Ботаникалық бақ пейзажына енгізілген «Жылыжай» (Kokonja, Алматы) көп арналы инсталляциясы далалық жазбаларға негізделген. Олардың ішінде:қобыз, «Қорқыт-ата» сталактит үңгірінде естілетін дыбыс, «Алтын-Емел» ұлттық саябағындағы «Әнші құм төбенің» төмен жиілікке құрылған әні, домбырада ысқырған желдің үні, қараусыз қалған жертөледе ұя салып жатқан қарлығаштар, Қызылорда облысындағы «Қорқыт-ата» мемориалдық кешенінде орнатылған үрмелі орган бар. Композицияда жел басты назарға ие. Әртүрлі аспаптарда ойнай отырып, Kokonja дыбыс шығартады, ал сол дыбыста ойнау процесін жел орындайды. 

Орталық көрме залында орналасқан Дария Темірханның дыбыстық инсталляциясында да бейадами қарым-қатынас тақырыбы өрбиді. Туындыларын суретші Батыс Қазақстандағы Жайық өзеніне экспедицияға барып, судың үш күйінде яғни таң, түс және түнде жазған. Өзеннің су асты дыбыстарының кітапханасы негізінде суретші кеңістіктік дыбыспен саунд инсталляция жасады.

Қазақ фольклоры космологиясында дыбыс көптеген мифтің астарында жатқан шындықты мистикалық тұрғыда қабылдау тәжірибесімен байланысты болды. бірқатар вокалдық тәжірибе салт-дәстүр мәдениетінің элементі ретінде қолданылған. The2vvo дуэтінің (Алматы, Лос-Анджелес) атонал музыкасы адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың көп бөлігін қамтитын яғни дала болмысына тән дыбыстарға, желге, жануарлар мен құстарға еліктейді. 

Дыбыс пейзаждарын терең тыңдау арқылы табиғаттың сиқырын қабылдау суретші Феликс Блюменің (Сан-Паулу) бейне инсталляциясында көрсетілген. Деректі эссенің экспозициясы Амазония джунглиінде өтеді, онда Тауари ауылының тұрғындары ағаштың ұшар шыңында яғни биікте өмір сүріп, адамдарды әнмен баурап, алып қашатын Курупираны бейнелеген. 

Ә.Қастеева атындағы мемлекеттік өнер мұражайында орналасқан Саодат Исмаилованың «Екі көкжиек» атты екі арналы бейне инсталляциясында Қорқыт ата аңызында әңгіменің басты антагонисі Ажалды дала кезіп жүрген ұл бала кейпінде бейнелейді. 

Өнер, музыка және психоакустика арасындағы нүктелі сызықты бұзатын орындаушылық зерттеу дыбыс өнері мен эксперименталды музыканың басты ұғымдарын қарастырады. Көп арналы аудио суретшілерге кеңістікте ойлауға және қабылдау көкжиегімізді кеңейтуге жол ашатын композициялар жасауға мүмкіндік береді. 

Панорамалық дыбысқа негізделген жанды дауыстағы концерттер сериясы акустика тұрғысынан арнайы таңдалған кеңістіктерде яғни Тотал театрда және Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары мұражайының концерт залында өтеді.Қорқыт-ата мифіне тән символдардың бірі – қобыз Korkut Sound концертінің дөңгелек сахнасында qum.arna электроакустикалық атонал қойылымына негіз болады. Kokonja экспедициядан алынған дала жазбалары негізінде лайв ойнайды. Бағдарламаның хедлайнері Фань Хуншо (Манчестер) домбырашы Дәулет Жаншиннің қатысуымен қазіргі уақыт режимінде композиция жасайтын нейрондық желі алгоритміне негізделген қойылым ұсынады.

EEGERU ансамблі мен bULt командасы және Дмитрий Морозовтың (::vtol::) бірлескен жобасы техногендік дыбыс, дәстүрлі құмалақпен бал ашу және электроакустикалық музыканы біріктіреді. Аталған техногенді дыбыс қасиетті рәсім ретінде қарастырылады. «Музыка болмыс 41» деп аталатын концерт генеративті музыкаға негізделген, мұнда бал ашу кезінде пайда болған өрнектердің кескіндері партитураға түсіріледі және дыбысты жасау процесі көрсетіледі.

Арнайы бағдарлама аясында Владислав Слудскийдің жетекшілігімен Sound Off (Cultura x Tselinny) ғылыми-зерттеу көрмесі ашылады, онда дыбыс тақырыбы басқа да белгілі суретшілермен бірге Қазақстанның заманауи өнер сахнасының пионерлері – «Қызыл трактор» тобының көркемдік тәжірибесі контекстінде қарастырылады. Көрме Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары мұражайының экспозициясында өтеді. Сонымен қатар, экспозицияда Молдақұл Нарымбетовтың жасаған перформанстарының видео-документациясы, архив фотосуреттер көрсетіліп, акустикалық DIY аспаптары болады.

Сондай-ақ, концерттер сериясы аясында посткеңестік елдер аймағындағы дыбыс суретшілерін бір ортаға біріктіретін дыбыс орындаушылары қауымдастығының өкілі саналатын «Дайын орталар» фестивалінің Джон Кейджге арналған көрмесі ұйымдастырылады. 

Қорқыт биенналесінің ауқымды бағдарламасы Орталық Азия өнері мен музыка сахнасының жаңа мүмкіндіктерін ашып, тыңдармандар мен авторларды дыбыстық және эксперименталды музыка әлеміне терең бойлауға шақырады деп сенеміз.

Анвар Мүсірепов, куратор

KORKUT

Дыбыстық өнер және жаңа музыка биенналесі

Қазақстандағы музыка мәдениеті ежелден бастау алады. Дыбыс тың дүниелер мен көңіл-күйге жол сілтеуші саналған. Сантүрлі аспаптық және ауызекі тәжірибелер шайқас пен салт-жоралардың бастаушы нысаны ретінде қызмет етті, сондай-ақ музыканың емдік қасиеті бар деп есептелді. 

Көптеген түркі мәдениетінде кездесетін жалпыға ортақ мифтің бірі – күйшілердің қамқоршысы саналатын Қорқыт ата туралы аңыз. Ол ажалдан қашып құтылу үшін алғаш рет ішекті аспап – қобызды жасап, оның дыбысымен материалдық шекараны еңсерген. 

Бағдарламаның негізгі лейтмотиві – әлемнің ерекше сезімталдығын табу. Шындықтың бойына қайта сиқыр қондыру арқылы дыбыс суретшілері табиғат элементтерімен, алгоритмдермен және басқа да non-human агенттермен ынтымақтасып, дыбыс ортасына терең енудің нәтижесінде шынайы және тартымды трансценденттік тәжірибенің шекарасын бұзады. 

Ботаникалық бақ пейзажына енгізілген «Жылыжай» (Kokonja, Алматы) көп арналы инсталляциясы далалық жазбаларға негізделген. Олардың ішінде:қобыз, «Қорқыт-ата» сталактит үңгірінде естілетін дыбыс, «Алтын-Емел» ұлттық саябағындағы «Әнші құм төбенің» төмен жиілікке құрылған әні, домбырада ысқырған желдің үні, қараусыз қалған жертөледе ұя салып жатқан қарлығаштар, Қызылорда облысындағы «Қорқыт-ата» мемориалдық кешенінде орнатылған үрмелі орган бар. Композицияда жел басты назарға ие. Әртүрлі аспаптарда ойнай отырып, Kokonja дыбыс шығартады, ал сол дыбыста ойнау процесін жел орындайды. 

Орталық көрме залында орналасқан Дария Темірханның дыбыстық инсталляциясында да бейадами қарым-қатынас тақырыбы өрбиді. Туындыларын суретші Батыс Қазақстандағы Жайық өзеніне экспедицияға барып, судың үш күйінде яғни таң, түс және түнде жазған. Өзеннің су асты дыбыстарының кітапханасы негізінде суретші кеңістіктік дыбыспен саунд инсталляция жасады.

Қазақ фольклоры космологиясында дыбыс көптеген мифтің астарында жатқан шындықты мистикалық тұрғыда қабылдау тәжірибесімен байланысты болды. бірқатар вокалдық тәжірибе салт-дәстүр мәдениетінің элементі ретінде қолданылған. The2vvo дуэтінің (Алматы, Лос-Анджелес) атонал музыкасы адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың көп бөлігін қамтитын яғни дала болмысына тән дыбыстарға, желге, жануарлар мен құстарға еліктейді. 

Дыбыс пейзаждарын терең тыңдау арқылы табиғаттың сиқырын қабылдау суретші Феликс Блюменің (Сан-Паулу) бейне инсталляциясында көрсетілген. Деректі эссенің экспозициясы Амазония джунглиінде өтеді, онда Тауари ауылының тұрғындары ағаштың ұшар шыңында яғни биікте өмір сүріп, адамдарды әнмен баурап, алып қашатын Курупираны бейнелеген. 

Ә.Қастеева атындағы мемлекеттік өнер мұражайында орналасқан Саодат Исмаилованың «Екі көкжиек» атты екі арналы бейне инсталляциясында Қорқыт ата аңызында әңгіменің басты антагонисі Ажалды дала кезіп жүрген ұл бала кейпінде бейнелейді. 

Өнер, музыка және психоакустика арасындағы нүктелі сызықты бұзатын орындаушылық зерттеу дыбыс өнері мен эксперименталды музыканың басты ұғымдарын қарастырады. Көп арналы аудио суретшілерге кеңістікте ойлауға және қабылдау көкжиегімізді кеңейтуге жол ашатын композициялар жасауға мүмкіндік береді. 

Панорамалық дыбысқа негізделген жанды дауыстағы концерттер сериясы акустика тұрғысынан арнайы таңдалған кеңістіктерде яғни Тотал театрда және Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары мұражайының концерт залында өтеді.Қорқыт-ата мифіне тән символдардың бірі – қобыз Korkut Sound концертінің дөңгелек сахнасында qum.arna электроакустикалық атонал қойылымына негіз болады. Kokonja экспедициядан алынған дала жазбалары негізінде лайв ойнайды. Бағдарламаның хедлайнері Фань Хуншо (Манчестер) домбырашы Дәулет Жаншиннің қатысуымен қазіргі уақыт режимінде композиция жасайтын нейрондық желі алгоритміне негізделген қойылым ұсынады.

EEGERU ансамблі мен bULt командасы және Дмитрий Морозовтың (::vtol::) бірлескен жобасы техногендік дыбыс, дәстүрлі құмалақпен бал ашу және электроакустикалық музыканы біріктіреді. Аталған техногенді дыбыс қасиетті рәсім ретінде қарастырылады. «Орындау музыкасы 41» деп аталатын концерт генеративті музыкаға негізделген, мұнда бал ашу кезінде пайда болған өрнектердің кескіндері партитураға түсіріледі және дыбысты жасау процесі көрсетіледі.

Бағдарлама