Инсталляциялар
Инсталляция туралы көбірек біліп, билет сатып алу үшін оның атауын басыңыз
Жылыжай
Тек құлақ салсаң болғаны, айнала әр уақытта бізге күйін салып тұрады. Жел - нағыз күйші. Толқындары кез келген пішінді затқа үндеу беріп тұрады. Желдің әр алуан күйі адамның көңіл күйіне мән беріп, астынан сызық жасайды. Қазақ тілінде 30 шақты жел атауы бар, бұл да жай емес. Жел қуып біз төрт түрлі асау жерге сапар жасадық: үңгір, құмды шөл, дала және орман. Ботаника бағындағы «Жылыжай» инсталляциясы ерекше сезімдік тәжірибе әкелмек.

Ботаникалық бақ өзге аймақтардан қоныс аударған адамдарды бір ортаға жинап алған қала сияқты өзге климаттық өлкелерден жиналған өсімдіктер мен ағаштарды бір ортаға тоғыстырады. Даладан жазылған дыбыстар, яғни Ақбиік ауылының әк тұнбалы үңгірі, “Қорқыт ата” мемориалды кешені, Алтын Емел әнші құм төбелері, желдің көмегімен жазылған домбыра мен қобыздың үні негізінде жасақталған “Жылыжай” дыбыстық инсталляциясы – үнемі өзгермелі күй кешетін желді сөйлету тәсілі. Өркениеттің жұғыны да жоқ орман кеңістігінде ұлан-ғайыр даланың жазып алынған дыбысы әр тыңдарман үшін шындықты өзінше бастан кешіру тәжірибесін ұсынады. 

«Мен бетпақ дала Сарыарқаның төсінде, Ақмола аймағында дүниеге келіп, бой жеттім. Үйімнен он қадам аттағаннан кейін сені ұшы-қиыры жоқ кең дала күтеді, көз алдыңда көк аспан мен қара жерден басқа ештеңе көрінбейді. Мұндай жазық кеңістікте жел ерекше сезіледі, оның құдды тірі тіршілік иесіндей өзгеріп тұратын құбылмалы мінезіне куә боласың. Сондықтан маған дыбыс өнерінде желдің әртүрлі болмысын табу өте қызық». 

Kokonja

Kokonja (Дария Нұртаза) — жас суретші, саунд-продюсер және диджей. Ақмола облысының Жалғызқарағай ауылында дүниеге келген. Қазір Алматы қаласында тұрады. Ол қазақтың заманауи өнер бастаушысы Молдақұл Нарымбетов мектебінің ізін жалғаушы Бахыт Бубиканованың оқушысы. Өз шығармашылығында ауылда өткен балалық шағының сезімге тұнған әрі тактилді естеліктеріне жиі мойын бұрады. Дыбыс өнерінде іздену және шығармашылық процесі бала кезде кең даланы кезіп, бойына қонған сезімдерінен қуат алады. Бұл сөз жоқ – жел және оның әртүрлі формада көрініс табуы. Kokonja 2021 жылы Алматы электронды сахнасын Boiler Room-да танытты, осы жылы орта азиялық Davra тобының қатысушысы ретінде Касселдегі Documenta fifteen көрмесіне қатысты, Ethnotronica фестивалінде электронды музыка шығарып, өнер көрсетті. Сонымен қатар Берлиндегі Slavs and Tatars дайындаған Sower Power Night Club жобасында өнер көрсетті.

8 қазан

Kokonja-ның «Жылыжай» инсталляциясының ресми ашылуы
15:00
Ботаникалық бақ
Тимирязев көшесі, 36Д және әл-Фараби даңғ., 71а
Күміс өзен
8 арналы дыбыс инсталляциясы және видеоэссе

«Ол қайғы атаулыны өзінің ағысымен алып кетеді, оның орнына саған жарық сәуле сыйлайды. Жолға шыққанда бұл сәуле саған бағдар береді. Ол сені емдейді және саған өзгелерді емдеуге күш береді. Қарсы алдында кім тұрса да, ешкімге кінә артпайды, барлығын теңдей көреді. Ол қамқоршы, сенімен тілдеседі, ол тірі. Кейде сабырлы, кейде ызаға булығады, бірақ қашанда кешірімді әрі жомарт. Сенің тағдырын оған аян. Ол сенің түсіңе кіреді. Мен туған өлкем Оралда үш күн бойы Жайықтың дыбысын судың астына сүңгіп отырып жаздым. Осы сапарды жоспарлағанда музыканы естимін, өзен күйіне құлақ түремін деп ойладым, бірақ бұл үнді құлағым шалмады. Біз сырластық. Құдды бала сәтімдегі сезім пайда болды. Жайық сені әрқашан тыңдауға дайын. Сондықтан бұл туынды мен үшін өте құнды. Бұл өзенде өткен, келер және осы шақ тоғысқан. 

Микрофонды суға салып, қолымның қимылымен өзеннің ағысын қайталауға тырыстым. Оған қоса жағаның, желдің, құстардың, ойнаған балалардың дыбыстарын жазып алдым. Бұл дыбыстың бәрін тыңдай отырып, Жайық кеңістігі туралы жайлы көзқарас қалыптастыруға жол ашады. Инсталляцияның визуалды бөлігі су астындағы видеодан тұрады».

Дария Темiрхан

Дария Темірхан
Дария Темірхан — Оралда туып өскен алматылық суретші. Оның жұмысының негізгі бағыттары – көркемдік, digital және физикалық коллаждар, саунд-арт және видео-арт. Дария өз шығармаларында үлкен қала өмірінің тақырыбын қозғап, оны ауылдар мен облыстардың бірқалыпты өмір-салтына қарсы қояды. Оның жұмысындағы тағы бір маңызды идея – Қазақстандағы мәдениет пен өнерді орталықсыздандыру. Дарияның коллаждары фрагменттер әлеміне енгізеді, онда еркін сананың ішіне жаңа идеяларды жинайды. Қазақ тілін өскелең ұрпақ арасында жаңа архетиптер жасаудың құралы ретінде зерттейді. YEMAA галереясында өткен “Ойлап табу” (Атырау), BLVD ART BALL X, 8 1/2 және Food for thought (Алматы қаласында өткен) көрмелеріне қатысты.
бар болу
Жоба түркі-моңғол тайпаларынан бастау алған әлемдегі ең көне музыка түрлерінің бірі – көмеймен ән айтқан Ішкі Азиядағы байырғы халықтардың вокалдық дәстүрлеріне негізделген. КСРО жылдарында көмеймен ән айту өнері жойыла жаздады және бертін келе қайта жанданды. Көмеймен ән айту әдістері этномузыкалық тәсіл аясында жергілікті салт-дәстүрлермен байланысты контекске тәуелді мәдени аспект ретінде танымал. Осылайша, бұл әдісті көптеген өзара байланысты шиеленіс пен мәдени саясаттың тоғысында құрылған динмикалық күш ретінде қарастыруға болады. Қазақстан контексінде аталған тақырып бойынша зерттеулердің көп болмауына қарамастан, Ішкі Азияда таралған көмеймен ән айту дәстүрі туралы әңгімелер көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың табиғи және табиғаттан тыс дүниелермен байланысу үшін бұл әдісті қалай пайдаланғанынан хабар береді. Атап айтқанда, бұл вокалдық тәсілдер үдей соққан дала желінің үніне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне еліктеп, аруақтармен байланыс орнату үшін қолданылған. Мұндай «дыбыстық бейне» немесе «дыбыстық голография» мәдени жады жолындағы синестетикалық серуенге айналады. Басқаша айтқанда «анимистік ғаламдағы музыкалық интуиция» қоршаған ортаның қабылдауына баппен енеді. Оның бөліктерінің ішкі өзара байланысы кейін дененің «кері байланыс» жүйесі арқылы көрініс тауып, мультисенсорлық тәжірибе ретінде бой көрсетті. Оның негізгі мақсаты бар болу мен бірлікті сезіне отырып әлеммен дене және космология деңгейінде байланыс ортану әрекеті болды. 

Бұл жобада the2vvo дауыстың дыбыс ретіндегі эфемерлік табиғатын зерттейді. Мәдениеттен тыс дыбыс олардың қабылдауында ерекше орынға ие. Бұл бар болу мен байланысты меңзейді. Әдетте денесіз дауыс денемен байланысты болғанына қарамастан, ол мағынасын жоғалтпайды, керісінше, басқа аураға ие болып, одан да терең мағынаны иемденеді. Мұны кинотеоретик және композитор Мишель Чион байқап, фильмдегі баяндаушының физикалық денемен байланыс орнату мүмкіндігінен айрылып, бар-жоғы елес іспетті дыбыс арқылы ғана бар болуын білдіретін «acoiusmetre» терминін енгізді. Бұл жобада олар жүзеге асыруды мақсат еткен acoismetre  типі бар болуды тоқтату процесінде бір қадам тереңге сүңгіп, ресинтезбен аяқталады. Дыбыс тек денеден шығып қана қоймайды, жаңа сандық құрылғыға орнатылады. Көмеймен айтылған әндердің жазбалары талданып, осциллятор және сүзгі банкілеріне қайта бағытталады. Ғимарат ішінде дыбыстар сабвуфер және жоғары диапазонды динамиктердің жиынтығы арқылы естіліп, өз кезегінде орналасқан жеріне қарамастан, келушілер үшін бар болудың жеке бір әсерін тудырады. Көптеген сабвуферді пайдалану жоба үшін ерекше маңызға ие, өйткені біздің мақсатымыз міндетті түрде көмеймен ән айтудың «елес үнін» есту емес, оны физикалық түрде сезіну. Бөлмедегі жарық мүмкіндігінше күңгірт болуы керек.

the2vvo
2vvo (thezwo) — дыбыс суретшісі Эльдар Таги мен Лена Позднякованың трансдисциплинарлық өнер дуэті, олардың тәжірибесі мүсін мен сәулет элементтерін, сондай-ақ бейнелеу және концептуалды өнерді біріктіруден тұрады. Ұжым ретінде құрылғаннан бері көшпелі өмір салтын ұстанып, Лос-Анджелес, Алматы, Берлин сияқты қалалардың мәдени ландшафтарымен тығыз байланыста болды.
Ұжым өз тәжірибесінде дыбыс, импровизация, мүсін және композиция арқылы кеңістіктер, материалдар және қабылдаудың жеке физиологиялық процестері арасындағы өзара байланыстың көп қабатты динамикасын зерттейді. the2vvo жұмысы бүкіл әлемде, соның ішінде әйгілі Ars Electronica, Unsound, CTM, Bauhausfest және Soundpedro фестивальдерінде таныстырылды. Дуэт Kuona Trust (Найроби, Кения) және CEC Artslink (Лос-Анджелес, Калифорния) резиденцияларында болды.

14 қазан

Саодат Исмаилова мен the2vvo инсталляциясының ресми ашылуы
16:00
Қастеев атындағы музей
Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1
Курупира, орман жаратылысы
Тауара тұрғындары бізді Амазонканың қақ ортасында тіршілік ететін құстардың, жануарлардың және джунглидің дыбыстарын тыңдауға шақырады. Сол сәтте оғаш дыбыстарды құлағымыз шалады. Кейбір тіршілік иелері ағаштардың арасына жасырынып қалады. Кейбірі бұл үнді естіген, оны көзбен көргендер өте аз. Ал оны тапқандардың ешқайсысы қайтып оралмаған. Себебі ол сиқырлайды, таңғалдырады, адамдарды адастырады. Әркім оқиғаны өзінше баяндап бергісі келеді, оның дыбысын өзінше тануға тырысады. Курупира, орман жаратылысы... Видеоинсталляция бізді осы тіршілік иесін іздеу саяхатына аттандырады. Бұл мифтер мен олардың қазіргі әлемдегі орны туралы ой, джунгли ортасындағы дыбыстық триллер.

Феликс Блюме
Феликс Блюме — Мексика, Бразилия және Францияда жұмыс істейтін саунд-суретші және дыбыс режиссері. Ол дыбысты өзінің видеожұмысына, саунд, акция және инсталляциялары үшін басты нысан ретінде пайдаланады. Ол үшін есту – көзге көрінбейтін дүниелерді байқауға түрткі болу және басқалармен кездесу әрекеті. Оның шығармаларынан табиғи және қалалық ортадағы дыбыстарды естуге болады, оны мифтер мен олардың заманауи интерпретациясы, дауыстың сөзден тыс не айта алатыны қызықтырады. Ол Soundscape сыйлығымен марапатталған (2018), сондай-ақ Пьер Шеффер (2015) Phonurgia Nova Awards жүлдесін жеңіп алған. CTM фестиваліне (Берлин), Роттердам кинофестиваліне, Sonic Acts биенналасына (Амстердам) қатысты, оның жұмыстары Центр Помпидуда (Париж) және басқа да халықаралық мекемелерде көрсетілді.
Екі шекара
Екі арналы мистикалық фильм түркі эпосында сипатталған Қорқыт-ата туралы. Ол жеті жасар бала кейпінде ажалдан қашқан. Ұлы Еуразия даласының тұңғыш бақсысы Қорқыт-ата өмір бойы ажалдан бой тасалады. Ол мәңгілік өмірге жетудің жалғыз жолы тартылыс күшін жеңу деп есептеді. Аңыз бойынша, Қорқыт ұлы даланың оңтүстігінде мәңгі өлмес күйге жеткен. Содан бері жергілікті халық Қорқыт жердің кіндігін тапты деп сеніп, осы жерге келіп тәу ететін болған. Кейін 20 ғасырдың ортасында бұл жер – Байқоңыр яғни кеңестік ғарыш станциясы ретінде әлемге танылды. Онда алғаш рет адам мәңгілік өмір іздеп, «Восток 1» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанып, тартылыс күшіне қарсы шықты.

Саодат Исмаилова
Саодат Исмаилова — Өзбек кинорежиссері, бейне суретші және зерттеуші. Фильмдер, киноэссе, видеоарт және инсталляциялар жасайды. Ол өз тәжірибесінде жойылып бара жатқан білімдерді іздеумен, Орталық Азия аймағының ұжымдық жады феноменін зерттеумен, аймақтың жаңа тарихына салыстырма жасаумен айналысады. «Сиқырланған», «Оның бес өмірі», «40 күн тыныштық», «Зухра» және т.б. фильмдері бар. Оның фильмдері мен видеоинсталляциялары Кассельдегі Венеция биенналесінде және documenta 15-те, Берлинде, Роттердамда және басқа да көптеген фестивальдерде көрсетілді. Оның жұмыстары Помпиду орталығының, Стейделик мұражайының және басқа мекемелердің коллекцияларында бар.

Бағдарлама