Kokonja
Kokonja
Kokonja Kokonja (Дария Нұртаза) — жас суретші, саунд-продюсер және диджей. Ақмола облысының Жалғызқарағай ауылында дүниеге келген. Қазір Алматы қаласында тұрады. Ол қазақтың заманауи өнер бастаушысы Молдақұл Нарымбетов мектебінің ізін жалғаушы Бахыт Бубиканованың оқушысы. Өз шығармашылығында ауылда өткен балалық шағының сезімге тұнған әрі тактилді естеліктеріне жиі мойын бұрады. Дыбыс өнерінде іздену және шығармашылық процесі бала кезде кең даланы кезіп, бойына қонған сезімдерінен қуат алады. Бұл сөз жоқ – жел және оның әртүрлі формада көрініс табуы. Kokonja 2021 жылы Алматы электронды сахнасын Boiler Room-да танытты, осы жылы орта азиялық Davra тобының қатысушысы ретінде Касселдегі Documenta fifteen көрмесіне қатысты, Ethnotronica фестивалінде электронды музыка шығарып, өнер көрсетті. Сонымен қатар Берлиндегі Slavs and Tatars дайындаған Sower Power Night Club жобасында өнер көрсетті. |
Дария Темiрхан
Дария Темiрхан
Дария Темірхан Дария Темірхан — Оралда туып өскен алматылық суретші. Оның жұмысының негізгі бағыттары – көркемдік, digital және физикалық коллаждар, саунд-арт және видео-арт. Дария өз шығармаларында үлкен қала өмірінің тақырыбын қозғап, оны ауылдар мен облыстардың бірқалыпты өмір-салтына қарсы қояды. Оның жұмысындағы тағы бір маңызды идея – Қазақстандағы мәдениет пен өнерді орталықсыздандыру. Дарияның коллаждары фрагменттер әлеміне енгізеді, онда еркін сананың ішіне жаңа идеяларды жинайды. Қазақ тілін өскелең ұрпақ арасында жаңа архетиптер жасаудың құралы ретінде зерттейді. YEMAA галереясында өткен “Ойлап табу” (Атырау), BLVD ART BALL X, 8 1/2 және Food for thought (Алматы қаласында өткен) көрмелеріне қатысты. |
Бұл жобада the2vvo дауыстың дыбыс ретіндегі эфемерлік табиғатын зерттейді. Мәдениеттен тыс дыбыс олардың қабылдауында ерекше орынға ие. Бұл бар болу мен байланысты меңзейді. Әдетте денесіз дауыс денемен байланысты болғанына қарамастан, ол мағынасын жоғалтпайды, керісінше, басқа аураға ие болып, одан да терең мағынаны иемденеді. Мұны кинотеоретик және композитор Мишель Чион байқап, фильмдегі баяндаушының физикалық денемен байланыс орнату мүмкіндігінен айрылып, бар-жоғы елес іспетті дыбыс арқылы ғана бар болуын білдіретін «acoiusmetre» терминін енгізді. Бұл жобада олар жүзеге асыруды мақсат еткен acoismetre типі бар болуды тоқтату процесінде бір қадам тереңге сүңгіп, ресинтезбен аяқталады. Дыбыс тек денеден шығып қана қоймайды, жаңа сандық құрылғыға орнатылады. Көмеймен айтылған әндердің жазбалары талданып, осциллятор және сүзгі банкілеріне қайта бағытталады. Ғимарат ішінде дыбыстар сабвуфер және жоғары диапазонды динамиктердің жиынтығы арқылы естіліп, өз кезегінде орналасқан жеріне қарамастан, келушілер үшін бар болудың жеке бір әсерін тудырады. Көптеген сабвуферді пайдалану жоба үшін ерекше маңызға ие, өйткені біздің мақсатымыз міндетті түрде көмеймен ән айтудың «елес үнін» есту емес, оны физикалық түрде сезіну. Бөлмедегі жарық мүмкіндігінше күңгірт болуы керек.
the2vvo 2vvo (thezwo) — дыбыс суретшісі Эльдар Таги мен Лена Позднякованың трансдисциплинарлық өнер дуэті, олардың тәжірибесі мүсін мен сәулет элементтерін, сондай-ақ бейнелеу және концептуалды өнерді біріктіруден тұрады. Ұжым ретінде құрылғаннан бері көшпелі өмір салтын ұстанып, Лос-Анджелес, Алматы, Берлин сияқты қалалардың мәдени ландшафтарымен тығыз байланыста болды. Ұжым өз тәжірибесінде дыбыс, импровизация, мүсін және композиция арқылы кеңістіктер, материалдар және қабылдаудың жеке физиологиялық процестері арасындағы өзара байланыстың көп қабатты динамикасын зерттейді. the2vvo жұмысы бүкіл әлемде, соның ішінде әйгілі Ars Electronica, Unsound, CTM, Bauhausfest және Soundpedro фестивальдерінде таныстырылды. Дуэт Kuona Trust (Найроби, Кения) және CEC Artslink (Лос-Анджелес, Калифорния) резиденцияларында болды. |
Тауара тұрғындары бізді Амазонканың қақ ортасында тіршілік ететін құстардың, жануарлардың және джунглидің дыбыстарын тыңдауға шақырады. Сол сәтте оғаш дыбыстарды құлағымыз шалады. Кейбір тіршілік иелері ағаштардың арасына жасырынып қалады. Кейбірі бұл үнді естіген, оны көзбен көргендер өте аз. Ал оны тапқандардың ешқайсысы қайтып оралмаған. Себебі ол сиқырлайды, таңғалдырады, адамдарды адастырады. Әркім оқиғаны өзінше баяндап бергісі келеді, оның дыбысын өзінше тануға тырысады. Курупира, орман жаратылысы... Видеоинсталляция бізді осы тіршілік иесін іздеу саяхатына аттандырады. Бұл мифтер мен олардың қазіргі әлемдегі орны туралы ой, джунгли ортасындағы дыбыстық триллер.
Феликс Блюме Феликс Блюме — Мексика, Бразилия және Францияда жұмыс істейтін саунд-суретші және дыбыс режиссері. Ол дыбысты өзінің видеожұмысына, саунд, акция және инсталляциялары үшін басты нысан ретінде пайдаланады. Ол үшін есту – көзге көрінбейтін дүниелерді байқауға түрткі болу және басқалармен кездесу әрекеті. Оның шығармаларынан табиғи және қалалық ортадағы дыбыстарды естуге болады, оны мифтер мен олардың заманауи интерпретациясы, дауыстың сөзден тыс не айта алатыны қызықтырады. Ол Soundscape сыйлығымен марапатталған (2018), сондай-ақ Пьер Шеффер (2015) Phonurgia Nova Awards жүлдесін жеңіп алған. CTM фестиваліне (Берлин), Роттердам кинофестиваліне, Sonic Acts биенналасына (Амстердам) қатысты, оның жұмыстары Центр Помпидуда (Париж) және басқа да халықаралық мекемелерде көрсетілді. |
Екі арналы мистикалық фильм түркі эпосында сипатталған Қорқыт-ата туралы. Ол жеті жасар бала кейпінде ажалдан қашқан. Ұлы Еуразия даласының тұңғыш бақсысы Қорқыт-ата өмір бойы ажалдан бой тасалады. Ол мәңгілік өмірге жетудің жалғыз жолы тартылыс күшін жеңу деп есептеді. Аңыз бойынша, Қорқыт ұлы даланың оңтүстігінде мәңгі өлмес күйге жеткен. Содан бері жергілікті халық Қорқыт жердің кіндігін тапты деп сеніп, осы жерге келіп тәу ететін болған. Кейін 20 ғасырдың ортасында бұл жер – Байқоңыр яғни кеңестік ғарыш станциясы ретінде әлемге танылды. Онда алғаш рет адам мәңгілік өмір іздеп, «Восток 1» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанып, тартылыс күшіне қарсы шықты.
Саодат Исмаилова Саодат Исмаилова — Өзбек кинорежиссері, бейне суретші және зерттеуші. Фильмдер, киноэссе, видеоарт және инсталляциялар жасайды. Ол өз тәжірибесінде жойылып бара жатқан білімдерді іздеумен, Орталық Азия аймағының ұжымдық жады феноменін зерттеумен, аймақтың жаңа тарихына салыстырма жасаумен айналысады. «Сиқырланған», «Оның бес өмірі», «40 күн тыныштық», «Зухра» және т.б. фильмдері бар. Оның фильмдері мен видеоинсталляциялары Кассельдегі Венеция биенналесінде және documenta 15-те, Берлинде, Роттердамда және басқа да көптеген фестивальдерде көрсетілді. Оның жұмыстары Помпиду орталығының, Стейделик мұражайының және басқа мекемелердің коллекцияларында бар. |