To main content
Артист-токтар
Суретшілермен болатын бірқатар пікірталас.

14 қазан

Kokonja-ның 14 қазанда өтетін «Жылыжай» инсталляциясының ресми тұсаукесерінде суретші өзінің шығармашылығы мен оны жасау жолындағы сапары туралы айтып береді.
15:00
Ботаникалық бақ
Тимирязев көшесі, 36Д және әл-Фараби даңғ., 71а

20 қазан

20 қазанда саунд зерттеушісі Хуншуо Фань өзінің көркемдік пратикасының егжей-тегжейлін бөліседі.
18:00
Орталық көрме залы
Желтоқсан көш., 137

3 қараша

Ал 3 қарашада «Дайын орталар» көрмесіне қатысушылар деректі фильм көрсетілімі мен пікірталаспен фестиваль тарихына арналған шағын конференция өткізеді.
18:00
Орталық көрме залы
Желтоқсан көш., 137
Kokonja
Kokonja (Дария Нұртаза) — жас суретші, саунд-продюсер және диджей. Ақмола облысының Жалғызқарағай ауылында дүниеге келген. Қазір Алматы қаласында тұрады. Ол қазақтың заманауи өнер бастаушысы Молдақұл Нарымбетов мектебінің ізін жалғаушы Бахыт Бубиканованың оқушысы. Өз шығармашылығында ауылда өткен балалық шағының сезімге тұнған әрі тактилді естеліктеріне жиі мойын бұрады. Дыбыс өнерінде іздену және шығармашылық процесі бала кезде кең даланы кезіп, бойына қонған сезімдерінен қуат алады. Бұл сөз жоқ – жел және оның әртүрлі формада көрініс табуы. Kokonja 2021 жылы Алматы электронды сахнасын Boiler Room-да танытты, осы жылы орта азиялық Davra тобының қатысушысы ретінде Касселдегі Documenta fifteen көрмесіне қатысты, Ethnotronica фестивалінде электронды музыка шығарып, өнер көрсетті. Сонымен қатар Берлиндегі Slavs and Tatars дайындаған Sower Power Night Club жобасында өнер көрсетті.
Бағдарлама